Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар енді емханада ем қабылдай алады. Бұл үшін медициналық ұйымдарда күндізгі стационардың төсек қоры кеңейтілді.
Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін 14 мемлекеттік емханада және 26 жекеменшік медицина орталығында 623 төсек-орын дайындалды. Күндізгі станционарда медицина мамандары демалыс күндерге қарамастан, аптасына жеті күн, таңғы сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұндағы мамандар дәрігердің тағайындауы бойынша науқастарға тамырдан және жамбастан екпе салу сынды емдеу шараларын жүргізеді.
Күндізгі станционарда төсек-орын мен дәрілік заттар жеткілікті.
Айта кетейік, науқастар тіркелген емханасы бойынша станционарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделе алады. Больные, страдающие ОРВИ и пневмонией,теперь могут получать лечение в поликлинике. Для этого в медицинских организациях расширен коечный фонд дневного стационара.