Полиция қызметкерлері жолаушыларға бетперде мен қолғап таратты

267

Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасуда. Карантиндік шектеулер қала тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқаны белгілі.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Олар тұрғындар мен қоғамдық көлік ішіндегі жолаушылар мен жүргізушілерге медициналық маскалар мен қолғаптар таратты.

Тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертіп, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармау керектігін түсіндірді.