Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

386

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық  басқармасының мәліметіне жүгінсек, қаланың 182 көшесі мен 626 ауласында 40 мыңнан аса жарық шамдары бар.

Түнгі жарықтандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшедегі тозығы жеткен жарық жүйелерін қайта құру жүргізілуде. Жоба құны -1021, млн теңге.

Леңгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнатуға   161,2 млн теңге қаралды. Келер 2021 жылы 62 көшені жарықтандырудың тізімі бекітіліп, ЖСҚ әзірлеуге  ұсыныс енгізілді.

Шынар Оразова