Самал-3 шағынауданын жаңа электр жүйесіне қосу басталды

322

Шымкент қаласының іргесіндегі Самал -3 шағынауданы тұрғындарын жаңа электр жүйесіне қосу бастауын алды.

Осыған дейін 24 жекеменшік трансформатордан тоқ алып, тұтынған электр жарығына еселенген тариф бойынша 23 теңгеден төлеп келген халық енді ел қатарлы төлем жасайды. Самалдықтардың қуанышымен бөлісуге келген Абай ауданының әкімі «бұл қала әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесі, үкіметтен қомақты қаржы бөлініп, жоба кезеңімен жүзеге асырылуда»,- дейді.

Бүхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «5 800 абонент қосылады. 6 млрд. теңгені бөлуге қала әкімі Мұрат Әйтенов әрекет жасады. Жылдың басында қала басшысы халықпен кездескен болатын. Міне 5 айда жұмыстар аяқталды.

Шынар Оразова