Сенат сайлауы: Бір орынға 5 үміткер

186
сенат

«Сенат депутаттарының алдағы сайлауында бір орынға – бес адамнан үміткер. Және бұл сайлауды өткізу үшін республикалық бюджеттен қомақты қаржы – 254,5 миллион теңге бөлінді». Бұл жөнінде Елордада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың айтуынша, депутаттардың сайлау науқаны басталғалы бері бүгінге дейін 88 адам ұсынылды. Орташа алғанда бір депутаттық орынға бес адам үміткер болып тұр. Ұсыну мерзімі 12 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Ұсыну кезеңінің соңғы қорытындыларын жеке отырыста қаралатын болды.

Берік Имашев, ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы: «ҚР Конституциясына сәйкес, Сенат Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан 2 адам өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады».

Айта кетейік, осы жылдың 12-маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12-тамызға тағайындау туралы қаулысы шыққан еді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтіп, онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілген.

13-маусымнан бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Сондай-ақ, үміткерлерге қойылатын талаптар да жария етіліп қойды.

Мөлдір Бекеева