Түркістан облысының криминалдық полиция қызметкерлері браконьерлікке қатысы бар деген күдікпен 10 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы бүгін департаментте өткен брифингте айтылды.

Тәртіп сақшыларының айтуына қарағанда олар бірнеше жылдар бойы Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулап жүрген. Жедел уәкілдер екі ай бойы қылмыстық кәсіпке қатысы бар деген күдіктілердің бір-бірімен байланыстарын зерттеген.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 8 000 000-нан астам теңгені құраған. Күдікті ретінде 3 адам қамауға алынып, 7 адам «ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы қолданылған.

Күдіктілердің арасында екі отбасы бар. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақпал Рысбаева