Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы ұсталды

441

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Otyrar.KZ.

Ол 2019 жылдың ақпан және тамыз айының аралығында бір топ адаммен алдын ала мердігермен келісім жасау арқылы бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деп күдіктеліп отыр.

Осы жылдың 9 маусымында басқарма бастығы ұсталып, Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс тергеу үстінде.