2020 жылғы 16 маусымда сағат 13 сағат 26 минутта Шымкент қаласы, Шымкент –Ленгір тас жолы, Бадам-1 тас жолы бойынша автокөліктердің соқтығысуы орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына 2 өрт сөндіру техникасы, жедел-құтқару жасағы, жалпы жеке құрамнан 11 адам жөнелтілді. Оқиға орнына жеткенде «Баян батыр» дүкенінің қасында мемлекеттік нөмірі кz 759 CA/17 «Камаз» маркалы жүк автокөлігі мен мемлекеттік нөмірі кz 772 CXA /17 «Hyndai SantaFe» маркалы жеңіл автокөліктерінің соқтығысқандығы анықталды.

Өрт сөндіруші және құтқарушылар тез арада соқтығысу салдарынан автокөлікте қысылып қалған азаматты алып шығып, «103» қызметкерлері келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетті.