полиция департаменті

Шымкентте лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған полицейлер жазаланып жатыр.

Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімінің бастығы мен тағы 6 полицей қызметінен кеткен. Маңызды ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров онлайн-брифингте мәлімдеді.

Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:»Мысалы, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы сотқа дейінгі тергеу аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының бұйрығымен Шымкент қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының наркобизнеспен күрес бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мейірбеков, жедел уәкіл, полиция подполковнигі Нарбаев, полиция майорлары Тойымбетов, Нұрғали, Тоқмағанбетов, полиция капитандары Ергешбеков, Ханазаров қызметтерінен босатылды».

Мөлдір Бекеева