Шымкентте ауыр жүк көліктерінің қатынасы бақыланады

155

 

Бұдан былай Шымкентте ауыр салмақты жүк көліктерінің қатынауы бақылауға алынады. Бұл туралы бүгін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Айтуларынша, ауыр жүк көліктері Түркістан, Темірлан «Алматы-Тәшкен-Термез» Бөгет Баян батыр көшелері арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, Алматы тас жолы, Төлеметов, Ынтымақ, Қамысты Қапал батыр көшелерімен де ауыр жүк көліктерін жүргізуге рұқсат беріліп отыр. Қаладағы құрылыс қарқынын ескерген жауаптылар компаниялардың ұсыныстары әкімшілік полиция басқармасымен рәсімделуі керек дейді.

Абай Тұрханов, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: «Компания тарапынан бізге өтініш беріледі. Соның негізінде рұқсат қағаздары рәсімделеді. Құрылыс жүргізетін тұрғындардың өтінштері де қаралуға жатады».

Мақпал Рысбаева