Шымкентте бір жасар бала шелектегі суға тұншығып қайтыс болды

252

Жазғы кезеңінде тұрмыстағы тіршілік көбейіп, ата-ана жас балдарға уақыт бөлмей, нәтижесінде қайғылы оқиғалар орын алады.

13 маусымда сағат 15:07-де Абай ауданы, Самал-3 шағынауданындағы Жаңа құрылыс көшесінде орналасқан тұрғын үйде жазатайым оқиға орын алғандығы туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінен қызметкерлер барып, 2019 жылы туылған бүлдіршін аулада ойнап жүріп, абайсызда шелектегі суға тұншығып, қайтыс болғандығын анықтады.

Құрметті ата-ана! Жас балаларға уақытты аямаңыздар! Кез келген жағдайда қайғылы оқиға орын алуы мүмкін, сондықтан, балдарды қараусыз қалдырмаңыздар.