Кәмелет жасына толмаған қыздарды зорламақ болған шымкенттік тұрғын 20 жылға сотталуы мүмкін. Бұл жағдай үстіміздегі жылдың 11-маусымында орын алған.
Қала тұрғыны полицейлерге белгісіз ер адамның 5-8 жасар қыздарын зорламақ болғанын айтып шағымданған. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.
Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласы ПД бастығы: «Күдікті өзінің арам пиғылды әрекетіне қыздарды көндіру үшін түрлі амалдарға барғаны анықталып отыр. Қазір ол қамауда. Қылмысы дәлелін тапса, заң шеңберінде жауапқа тартылады».
Мақпал Рысбаева