Шымкентте коронавирустан көз жұмғандар қайда жерленіп жатыр?

240

«Шымкентте коронавирустан көз жұмғандар бөлек қорымға жерленбейді». Бұл туралы қаланың бас санитары мәлімдеді. Бас дәрігер сөзінше мәйітті залалсыздандыру жұмыстарынан кейін қауіптілік жойылады.

Айта кетейік, қала бойынша бүгінге дейін тәжівирустан 13 адам ажал құшты. Оның 7-нің денесі туған-туысына тапсырылған. Ал, дерттен қайтыс болған жанды ақтық сапарға шығарып салуға мүмкіндігі болмаса, мамандар мәйітті өздері жерлейді екен. Бүгінде мұндай 4 мәйіт Абай ауданын қарасты, Қазығұрт шағынауданындағы мазаратқа қойылған.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы: «Коронавирус анау айтқандай қорқынышты індет емес. Сондықтан да індет кесірінен ана дүнеиеге аттанған жанды толықтай залалсыздандырып, туған-туыстарына береміз. Олар өз салт-дәстүрі бойынша мәйітті жерлейді. Егер туған-туысы да ауруханада болып, инфекциямен күресіп жатса денені өзіміз жер қойнына тапсырамыз».

   Назерке Үкібасова