Шымкентте коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы журналистерге брифинг берген Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас дәрігері Қазақстан Республикасында коронавирустың екінші толқыны басталып кеткенін айтқан еді. Ал, Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев екінші кезең басталған қалалар арасында үшінші мегаполистің бар екенін мәлімдеді. Және қалада үшінші толқынның да бастауы мүмкін екенін ескертті.

Назерке Үкібасова