Шымкентте төтенше жағдайлар департаменті жанынан атты патруль құрылды.
Құтқарушылар, полиция және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері қаланың шалғайдағы ауылдарын осылайша аралайды. Жауаптылар атты патруль шомылушыларға насихат жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында құрылды дейді.
Шымкентте полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен шенеуніктер кезекшілікке атпен шығады. Жауаптылар осындай тәсілмен енді тыйым салынған жерде шомылатын азаматтарды ескертуге бел буған. Көлік жүре алмайтын жерге ат міндетті түрде өтетіні белгілі.
Патрульдің құрамында әзірге 4 ат бар. Аптап ыстықта Шапырашты тұрғын алабының жағалауы жиналған тұрғындарға толы. Мұндағы қатты ағын да оларды тоқтатпайды.
Өзеннің жағалауындағыларға тескерушілер жадынама таратуда. Онда тыйым салынған су айдындарында шомылу қауіпті екені ескертілген. Мұнда тиісті инфрақұрылым да, құтқару стансасы да жоқ.
Еске салсақ, өткен демалыс күндері Бадам өзенінде 14 жастағы жеткіншек суға батып, көз жұмған болатын. Болжам бойынша ол суға абайсызда құлап кеткен.
Шынар Оразова