Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

444

Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Алан Telegram-каналындағы әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Оны жұмыстан ешкім қуған жоқ. Атышулы жағдайдан соң өз еркімен жұмыстан кетті. Байқау аясында жаңа орынбасар тағайындалады», — деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Аланның жазбасы тарап, халық арасында наразылық тудырған еді. Кейінірек Шымкент әкімдігінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы қысқа белдемше киген қыздың видеосын жариялап, сынға қалған еді.