Түркістан облысы полицейлері соңғы қоңырау мерекесі күндері рейд жүргізіп, 27 көлікті айыптұраққа қойды.
Баршаңызға белгілі ағымдағы жылдың маусым айының 3-4 күндері аралығында елімізде «Жас түлек-2020» атты мектеп бітіру мерекелік шаралары өткізілді. Осы іс-шараға байланысты Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілердің арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алып, тәртіпті сақтау мақсатында Сарыағаш АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары және ювеналды полиция тобының инспекторлары арнайы мектептерге бекітіліп, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шараларын жүргізді.
Оған қоса тәртіп сақшылары, жасөспірімдер арасында жол қауіпсіздігін сақтап, профилактикалық жұмыстарын атқару барысында автокөлік жалдап көліктер шеруін ұйымдастырған, одан бөлек жүргізуші куәлігі болмастан көлік басқарған жасөспірімдерді анықтады.
Нақтырақ айтсақ 2 күндегі рейдтік жұмыстар шеңберінде Сарыағаштық тәртіп сақшылары 27 автокөлікті айыптұраққа қойды. Оның екеуі жүргізуші куәлігі болмастан көлік басқарған жасөспірімдер, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Басқа 25 көліктер түрлі құқықбұзушылықтар жасап, жол қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы», 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы», 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 596-бабы «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу», 612-бабы «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша анықталып, хаттамалар толтырылған.
Өз кезегінде мектеп бітіруші түлектеріне көліктерімен қызмет көрсеткен жүргізушілер алдағы уақытта мұндай заңсыздық жасамайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар, жүргізілген түнгі рейдтік іс-шаралар барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін беймезгіл уақытта заңды өкілдерінің еруінсіз, тұрғын-үйлерінен тыс жерлерде жүрген 9 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» әкімшілік хаттамалар толтырылды.