Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер Шымкенттегі заңсыздықты әшкереледі

153

Қазақстанда коронавирустың таралуы сәтін тиімді пайдаланып, қалтасын қампайтқысы келгендер анықталды. Мәселен, Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 пандемиясы кезеңінде бөлшек сауда бағасы 3700 теңге тұратын балалар тағамын 5200 теңгеден сатып алған. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер мәлімдеді.

Осы секілді құнығудың өрескел жәйттері Шымкент қаласында да анықталып отыр екен.

Айнагүл Карипова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері: «Мониторинг барысында Шымкент қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының сатып алуларына ерекше назар аударылды. Егер, өткен жылдары аталған шығындар қаланың барлық аумағына, ал бұл 110 нысанға шамамен 900 млн теңгені құраса, биыл мегаполистің бір көшесі мен үш нысанының яғни әуежай, темір жол вокзалы мен орталық стадион аумағы жасыл желектерін ұстауға 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін сатып алу тоқтатылды».

Мөлдір Бекеева