ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында облысқа қарасты барлық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «Таза сессия» акциясы бастау алды.

Адалдыққа үндейтін игі науқанның негізгі мақсаты — елдің ертеңгі келешегін қалыптастыратын жастар қауымын адал еңбекке баулу және парасатты тұлға болуға дәріптеу.

Аталмыш акция барысында «Түркістан — адалдық алаңының» менеджері Н.Е.Абуова Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетінің 114- аудиториясында орналасқан «Ситуациялық орталығында» болып, онлайн сессияның өту барысына бейнекамералар арқылы бақылау жүргізді.

Науқан кезінде студенттер сессияның күрделі болғанына қарамастан, көмекші құралдардың көмегінсіз таза білімдерін сарапқа салды.

Онлайн емтиханға жүргізілген жүйелі бақылаудың нәтижесінде
тәртіптік құқық бұзушылықтар мен өзге де тыйым салынған әрекеттер анықталмады.

Айта кетсек, өз кезегінде оқытушылар студентке сапалы білім беруге және біліктілік деңгейін лайықты бағалауға міндетті.

Осы ретте, акция аясында қойылған «Сенім жәшігі» білім мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті шынайы бағалауға мүмкіндік береді және осы шаралардың барлығы қоғам індетіне қарсы саясаттың тиімділік дәрежесі ретінде сараланады.

Алдағы уақытта да «Таза сессия» акциясы аясында жас буынның бойына сыбайластық сияқты жат әрекеттерден сақтандыратын берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған бақылау жұмыстары әрі қарай өз жалғасын табатын болады.