Абай ауданының әкімдігі келе жатқан қала күніне орай көшелерді тазалауға кірісті. Атаулы күнді бұрынғыдай тойлай алмайтынын білген жұрт осылайша мегаполиске өз үлесін қоспақ.

Ауданды үш бөлікке бөлген қызметкерлер бірнеше күн қатарынан тазалық жүргізеді. Қоқыстарды орталық көшелер, аула және тұрғын алабтарынан арылту көзделген. Сенбілікке тек әкімдік қызметкерлері емес, қала көркіне бей-жай қарамайтын компания өкілдері де қатысуға ниет білдіріпті.

Назерке Үкібасова