Түркістанда 24 тұрғын үй салынып жатыр

204

Бүгінде Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Баспаналар жыл соңына дейін тапсырылады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің көне шаһардағы құрылыс нысандарын аралау кезінде айтылды.

Тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды. Өмірзақ Естайұлы Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында да болды.

Құрылысы биыл қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда. Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын дер кезінде аяқтап, құрылыстың сапасына қатаң бақылау жасауды ескертті.

Мақпал Рысбаева