Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейтілді. Әлеуметтік ара қашықтық, бетперде режимі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде.
Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
– Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дизенфекция жасалады. Жазғы демалыс маусымы басталғалы пойыз жол қызметіне жүгінген жолаушылар қатары артты. Бүгінгі таңда санитарлық талаптарды сақтауды қатаң бақылауға алдық, — дейді Шымкент Темір жол вокзалының басшысы Ерғали Мырзахмет.
Еске сала кетейік, елімізде жолаушылар пойызы бірінші маусымнан бастап жүре бастады. Осы уақытқа дейін Шымкент темір жол вокзалынан 7000-ға жуық билет сатылған.