Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай кезінде ТЖ қызметкерлері азаматтарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырады.

ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР МЕН ӘКЕЛЕР! Жазғы демалыс күндері көшеде, суда, орманда қауіпсіздік ережелерін, балаларымен жол жүру ережелерін қайталаңыз. Балаларға жолдың жүру бөлігіне шығуға, өз еркімен су қоймаларына шығуға және шомылуға, ауладағы қоқысты өртеуге, орман және дала алқаптарда от жағуға рұқсат бермеңіз.

Балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін әркім міндетті:

– баланың бос уақытын қатаң бақылау;
– су айдындарында тек ересектердің қатысуымен және осы үшін арнайы бөлінген орындарда шомылуға рұқсат ету;
– балаларға велосипедпен жолдың жүру бөлігіне шығуға жол бермеу;
– балаларға авто – және мотокөлікті өз бетінше басқаруға жол бермеу;
– өз балаңыздың назарына өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін (орман, саябақ, өзен, көше) жеткізу;);
– жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыз, сонда сіз күтпеген жағдайлардан аулақ бола аласыз.
Есіңізде болсын! БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ-СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА.