Еліміздегі жоғарғы сот судьяларының өздері жауапқа тартылуы мүмкін. Жоғарғы Соттың екі судьясы мен Шымкент және Солтүстік Қазақстан облысының комиссия құрамына кіретін судьялары тарапынан сот этикасының Кодексін өрескел бұзу фактілері анықталды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі мәлімдеді. Сөздерінше, Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған сот өкілдері заң бұзып, сыйлық алды деп күдіктеліп отыр. Онымен қоса Түркістанға арнайы барған судьялар VIP-рестораннан тамақтанған дейді агенттіктегілер. Ал, оның ақысын сол өңірдегі әріптестері төлеген.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіндегілердің сөзінше, жұмыс сапарымен келген судьялардың еркелігі мұнымен бетпейді. Өңірдегі әріптестерінің көлігін жеке мақсатта пайдаланған көрінеді.
Түркістан облыстық сот өкілдері «қонақжайлықты» тек жоғарғы сот судьяларына емес, Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстаннан келген заң өкілдеріне де көрсетіпті. Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде қызметін асыра пайдаланған жалпы 272 азамат анықталған. Олардың 30-ы жұмыстан шығарылып, 40-ы қызметтен кеткен. Тағы 40 азамат ескерту алған.
Назерке Үкібасова