Салық кодексінің 490-бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Салық кодексінің 493-бабының 7-тармағына сәйкес, заңды тұлғалар салықтық кезеңнің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:
1) егер көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
2) егер салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте салықтық кезеңнің 1 шілдесінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Салық кодексінің 494-бабына сәйкес, заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзу арқылы жүргiзедi. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi салықтық кезең үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
Салық кодексінің 496-бабына сәйкес, төлеуші – заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына ұсынады.
Осылайша, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2020 жылдың 5-шілдесінен кешіктірмей, заңды тұлғалармен көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын тапсыру және төлеу қажеттігін ескертеді.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 492-бабының 3-тармағына сәйкес салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай – АЕК) қолданылады. 2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады.
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы