Құрметті Шымкент қаласы тұрғындары.

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті мамандары «Қазақстан Ғарыш Сапары Ұлттық компаниясы» АҚ-нің мәліметі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде Департамент мамандары 29 мамыр күні Жібек жолы базарына қарасты бетте жер қойнауын заңсыз пайдалану орындары анықталды.

Департамент мамандарымен 102 нөмеріне хабарланды. Оқиға орнына Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы келіп Департамент мамандарымен жұмыстар атқарылды.

ҚР Қылмыстық кодекснің 334 бабына сәйкес жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс әрекеттер ірі залал келтірсе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Егерде, қылмыстық құрамы анықталмаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 139 бабына сәйкес жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Алдағы уақытта қала төңірегінде осы сияқты заңсыз іс-әрекеттер байқаған болсаңыздар Шымкент қаласы бойынша экология департаментіне хабарлауларыңызды сұраймыз.