Жетісай ауданында 50 шартты түрде сотталған азамат мекен-жайлары бойынша тексерілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, оған қоса пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың қайтадан құқықбұзушылықтар жасауын болдырмау мақсатында 2020 жылы маусым айының 15-25 күндері аралығында республика аумағында «Шартты түрде сотталған” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Профилактикалық іс-шара барысында Түркістан Облысына қарасты Жетісай аудандық провация қызметкерлерімен аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, олардың тарапынан қарқынды жұмыстар жасалуда. Яғни сотталғандарды тұрғылықты жерлерінен тексеріп, оларға әкімшілік құқықбұзушылық жасамау мен жаза өтеу тәртібі қайта ұғындырылып, тәрбиелік мағынада сұхбаттар өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – пробация қызметініӊ есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, жазаны бас бостандығынан айыру түріне ауыстыру және осы сияқты іс-шаралар жүргізу болып табылады.

Айта кететін жайт, Жетісай ауданында бүгінгі күні 200-ден астам азамат есепте тұрса, профилактикалық іс-шараның 2 күнінде оның 50-і мекен-жайлары бойынша тексеріліп үлгерді.

Полиция.кз