150-ге жуық қару алынды

132

Түркістан облысы полицейлері «тіркелмеген атыс қаруын сатып алу» акциясы барысында 150-ге жуық қару алды

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты көптеген іс-шаралар онлайн форматта өткізілуде. Соның бірі заңсыз айналымдағы қаруларды сатып алу акциясы. 1 шілдеде бастау алған шарада Түркістан облысының тәртіп сақшыларына тұрғындар тіркелмеген 146 қару тапсырған. Оның ішінде 128-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, 18-і ойық ұңғылы қару.

Мәселен, Созақ ауданының тұрғыны Мақұлбек Серікұлы 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы қаруын өз еркімен тапсырды. Ал, Жетісай ауданының тұрғыны Мағауя Ілімұлы тегіс ұңғылы 2 аңшы қаруын өткізді. Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Ескерте кететін жайт, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Оған қоса, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар бізге келмей-ақ, арнайы 8-778-991-66-66, 8-775-287-16-37 телефоны немесе «102» нөміріне хабарласуына болады.

Осы тарапта құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында да жұмыстар атқарылуда. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарды ұсынылған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылатын болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондықтан, тұрғындар заңсыз сақтап жүрген ата, әкеңізден қалған, тауып алған тіркелмеген қаруларыңыз болса, тиісті органға тапсырыңыздар.