«Атып тастағың келеді, бірақ…»

123

 

Президенттің Қылмыстық кодекстегі түзетулерінде балаға қатысты қылмыс бойынша қатаң жаза қарастырылған. Сондықтан сотсыз жазалауға кірісуді талап еткендерді қолдауға болмайды. Осындай пікірді Facebook-тегі парақшасында Қазақстан заңгерлер одағының елордадағы филиал төрағасы Серік Беркамалов білдірді.

Алайда жазаны күшейту мәселені толық шешпейді. Балаларымыздың денсаулығы мен өміріне қол сұқпаушылықты қайтарып бермейді.

«Бұл жерде мемлекеттің басты міндеті – мұндай фактілерді түп-тамырымен жою, зорлықтың алдын алу және оны болдырмау жүйесін құру. Бұл – тереңірек ойланатын жайт», – деп түйіндеді сөзін.

Серік БЕРКАМАЛОВ, Қазақстан заңгерлер одағының елордадағы филиал төрағасы: «Кішкене балаға зорлық жасаған адамды бастапқыда ашуға беріліп, сол жерде атып тастағың, оңбағанды тірідей паршалап тастағың келеді. Күдіктіні өз қолымен жазалағасы келген ашулы топты түсінуге болады, бірақ қолдауға болмайды. Көбі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы себеппен былтыр желтоқсан айында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті түбегейлі күшейту туралы өзгерістер енгізуге қатысты қол қойғанын білмейді. Енді Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша балаға зорлық көрсетуге ең жоғары жаза – 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Ешқандай жеңілдік жоқ, тек жоғары мерзімге. Бұдан басқа, сот химиялық кастрация түрінде мәжбүрлі шараны қолдануға құқылы, кешегі қылмыс бойынша бұл әрекет – ең әділ және дұрыс болар еді».

Мақпал РЫСБАЕВА