Қала аумағындағы елдімекендерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бағыты бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 10 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 1,7 млрд теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде 639,0 млн республикалық бюджеттен, 1,1 млрд- жергілікті бюджеттен қаралған,жұмыстар жүргізілуде. Ұ. Арғынбеков көшесінен №2 коллекторға дейін, Самал-1, Самал-2, Достық, Асар-2,Ұлағат, Мирас-Шапағат, Самал-3, Тассай, Тоғыс коллекторы.
12,5 шақырымды құрайтын магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 12 мың халқы бар 5 елдімекенге (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылуына мүмкіндік туады, дейді қалалық энергетика және коммуналдық шрауашылық басқармасындағылар.
Шынар Оразова