Карантин шектеулерін елемеген тасымалдаушылар айыппұл арқалады

158

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын бетке алған жолаушылар жолдан қайтарылды. Бас санитар дәрігердің қаулысымен қызметі тоқтатылған тасымалдаушылардың аракідік аталған қалаларға Шымкенттен жолаушылар тасымалдайтыны анықталып отыр. Бұл туралы бүгін қалалық көліктік бақылау испекциясының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

Айтуынша, санитар дәгірлерлермен бірігіп инспекторлар күнделікті рейдке шығады. Тексеру шаралары кезінде 7 автобусты жолдан тоқтатқан. Инспекцияның айыппұл салуға құзыреті болмағандықтан олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне карантин шектеулерін ескермеген тасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша өз ұсыныстарын жолдаған.

Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық көліктік бақылау испекциясының басшысы: «7 автобустың іші лық толы. Ешқандай санитарлық талаптар сақталмаған. Бұл тасымалдаушылардың барлығы да тұрақты тасымалдаушылар болып табылмайды. Көліктерде арнайы қобдишалар да қарастырылмаған».

Мақпал Рысбаева