Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиын-терімі жалғасуда.

Бүгінгі таңда 100 мың тонна өнім жиналды. Олардың 32 мың тоннасы қияр, 56 мың тонна қызанақ, 130 тонна қырыққабат пен 656 тонна болгар бұрышы. Ағын суды үнемдеу мақсатында шаруа қожалықтарының басым бөлігі тамшылатып суғару әдісін қолдануда. Жылыжайлардың қатары артып келеді. Айта кететін жәйт, ағымдағы жылы облыс аумағында 39 мың гектар аумаққа көкөніс, 63 мың гектар жерге бақша өнімдері мен 15 мың гектар жер алқабында картоп егілген.

Әлібек Плалов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: «Жоспарланған 1 млн.  ауыл шаруашылығы өнімдерінің бүгінгі таңда 539 мың тонна көкөніс, 505 тонна бақша өнімдері жиналды. 11 мың тонна өнім Ресейге, Белорусь, Қырғызстанға экспортталды. Ішкі нарық та  көк-өніспен  қамтылуда».

Түркістан облысында түрлі зиянкестермен күрес жүргізуге шаруаларға қаржылай қолдау көрсетілуде. Дәрілеу жұмыстарына кеткен шығынның 50 пайызы субсидияланады. Оған 477 млн. теңге бөлінген.

Шынар Оразова