«Мирас» шағынауданындағы қанды қылмыс кеше кешкісін орын алған. Құрылысы бітпеген үй жанындағы айғай-шуды алдымен сондағы тұрғындар естіпті. Әлдебір қатты дауыстан шошынған олар іле-шала терезеге қараған. Кейін далаға шықса, қаптаған полицейлердің көрдік дейді.
Бағлан Асаубаева, көршісі: «Кешке қарай күйеуім шығып қарады. Барса, көліктің ішінде екі мәйіт жатыр екен. Ал, үйден тағы екеуі табылыпты. Біз үйдің қожайынын танимыз. Жақсы кісі еді. Хабарласып: «Үйіме қарап қойыңдаршы»-деп айтатын. Газбен мәселе туғанда да барлығын шешіп берді. Анда-санда келіп тұратын».
Куәгерлер сөзінше көліктен екі мәйіт табылған. Олар атылған тапанша кесірінен қайтыс болуы мүмкін. Тағы екеуі үй ішінде болыпты. Осылай деген көршілер үйден табылған мәйіттердің үй қожайыны екенін айтады. Сөздерінше, аман-саулығы түзу болған күйеуі мен әйелі жеке үйге көп келмейтін болған.
Көршісі: «Кешкісін бір дауыстар естідік. Қатты мән берген жоқпыз. Сосын шықсақ, ойнап жүрген балалар шақырды. Барып қарасақ, көлікте екі мәйіт жатыр. Дереу полицияны шақырды. Олар үйден тағы екеуін тапты. Ол кісі үйін жақында ғана аяқтаған еді. Анда-санда келіп тұратын. Дұрыс танымайды екенмін».
Алдын ала болжам бойынша төрт мәйіттің бірі қалғанын қырып салған. Осылай деген куәгерлер үй иесінің өз әйелін қызғанып, сүйіктісімен қоса атқан айтады. Махаббат үштігіндегі үшіншінің қасында досы болған. Ашуға мінген азамат әйелін, оның сүйіктісін досымен қосып атқан да, кейін тапаншаны өзіне бағыттауы мүмкін. Қанды қылмыс жайлы әзірге құзырлы орган өкілдері жақ ашпай отыр.
Назерке Үкібасова