Өкпесі қабынған жасөспірімнің жағдайы жақсарды

309

 

Шымкентте 15 жасар жеткіншек 27 маусым күні жансақтау бөліміне өкпесі қабынып түскен болатын. Қалалық клиникалық балалар аурухасынына жеткізілген науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлер өздігінен дем ала алмаған науқасты жансақтау бөліміндегі аппаратқа қосқан. Пациент оксигенотерапия және вирусқа қарсы терапия емін үздіксіз қабылдайды. Өкпесінің 50 пайызы зақымданған жасөспірім дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, үздіксіз емнің нәтижесінде жасөспірім оныншы күні жансақтау бөлімінен пульмонология бөлімшесіне ауыстырылды.

Қазір науқастың ентігуі жоқ, дене қызуының гемодинамикасы қалыпқа түскен. Денсаулық жағдайы жақсарған жасөспірімді медицина мамандары апта соңында ауруханадан шығаруға дайындауда.