Шымкентте 9 дәрігер пневмониядан қайтыс болған

184

Шымкентте 9 медициналық қызметкер екі жақты пневмониядан қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше мамандар басқармаға қарасты мемлекеттік медициналық мекемелерде қызмет атқарған.

Қайтыс болған дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және тағы басқа болып жұмыс істепті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов алғы шепте болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті көмектер көрсетіледі дейді. Ол үшін арнайы қор құрылған. Сол қор арқылы отбасылардың тиісті қажеттіліктері өтелетін болады

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қазір дәрігерлердің отбасыларына қандай жәрдем қажеттігі зерделеніп жатыр. Қордың есебіне қарай қажеттіліктерін ескеріп көмек қолын созатын боламыз».

Мақпал Рысбаева