Шетелдерден дәрі-дәрмек алып келуге 8 кәсіпкерлік субьектілеріне рұхсат берілген

148

Шымкентте қалалық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменттің аудандық басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылды. Мониторинг барысында бағасын негізсіз өсірген жағдайда әкімшілік шаралары көрсетілетіні ескертілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Айтуына қарағанда дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну ескертілді. Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін шетелдерден біржолғы дәрі-дәрмек алып келуге 8 кәсіпкерлік субьектілеріне рұхсат берілген. Олар 50 млн. дана медициналық бет перде, 1,6 млн. флакон «Левофлоксацин», 414 мың флакон «Цефтриаксон», 100 мың қорап «Дексаметазон», 200 мың қорап «Аскорбиновая кислота для инъекции» алып келе жатыр дейді шаһар басшысы.

Сондай-ақ, 50 заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқандар анықталды. Оның ішінде 10 бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар полиция департаментінің тарапынан Шымкент қаласы Әлімқұлов көшесінен заңсыз дәрі дәрмек және медициналық құралдарын сақтау жағдайы анықталды. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақпал Рысбаева