Шымкентте мектептердегі компьютерлер мұқтаж отбасыларының балаларына таратылып беріледі. Қашықтықтан оқытылатын шәкірттер осылайша уақытша мектеп мүліктерін пайдалана тұрады. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Айтуынша, бұдан бөлек жаңа оқу жылының қарсаңында жағдайы төмен отбысыларынан шыққан балаларға ақшалай көмек те көрсетіледі. Қаладағы 42 мыңнан астам оқушыға тамыз айынан бастап әрқайсысына 30 мың теңгенің жәрдемақысы беріледі. Биыл шәкірттерге бірыңғай киім үлгісі міндеттелмейді. Сондықтан салаға жауаптылар ата-аналарды бұл қаражатты онлайн оқу жүйесіне қажетті құралдарға жұмсауға шақырады.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Ата-аналар осы көмекке планшет, компьютер сатып алса, қашықтықтықтан білім беру жүйесіне тиісті дайындықтарын өздері жүргізсе, оңды болар еді. Себебі, мектептердегі компьютерлер уақытша ғана беріледі.

Мақпал Рысбаева