Пандемияға қарамастан Шымкентте жол құрылысы қызу жүргізілуде. Қазір шаһарда 400 шақырым жол жөнделіп жатыр. Қаладағы Қайтпас 2 шағынауданындағы Сырым батыр көшесі мен Байтұрсынов көшесінің бөлігі, сондай-ақ Рысқұлов, Жангелдин, көшелерінде де бұл жұмыстар қыза түскен. Биыл бұл мақсатқа 27 миллиард теңге қаралып отыр.
Сырым батыр көшесінің шұрық — тесік жолы әсіресе көлік тізігіндегілерді әбден мезі еткен-ді. Бұл Қайнар бұлақ елдімекеніне апаратын бірден бір жол. Мұнда қазір құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Асфальт төселіп, тротуарлар жөнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 423 миллиона теңге қаралған.
Ал Байтұрсынов көшесінің шағын бөлігі де жөнделіп жатыр. Топырақ жол асфальттеліп жатыр. Бұл аумақта да жаяу жүргіншілер жолы жаңаланып, ирригациялық жүйелер қалпына келтіріледі. Күрделенген эпидемиялық ақуалға қарамастан қала көшелерінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 414 шақырым жол жөнделуде. Салаға жауаптылар құрылыс материалдарынан таршылық көріп жатпаса да жұмысшы тапшылығын сезініп жатқандарын жасырмады.
Абай Тұрханов, Шымкент қаласы ЖК және АЖ басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Бізге жұмысшылар қажет. Айлығын уақытылы беріп тұрамыз. Жұмысшылардың жалақысы 100 мың теңгеден, мамандардың жалақысы 200 мың теңгеге дейін жетеді».
Бұл жұмыстарға 2,5 мыңнан астам тұрғын тартылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы 100 теңгенің төңірегінде.
Мақпал Рысбаева