Түркістан облысында карантиндік режим 19 шілдеге дейін ұзартылды

257

 

Түркістан облысының аумағында коронавирусты инфекциямен сырқаттанушылардың өсуіне байланысты карантинді шектеу шараларын енгізу туралы қаулы қабылданды. Ондағы мақсат — COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу.

Түркістан облысының Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу ic-шаралары 2020 жылғы 5 шілде сағат 00.00-ден 19 шілде сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын делінген.

Қаулы аясында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, спорт, фитнес, жаттығу залдарының, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық кешендерінің жанындағы балалардың ойын алаңдарының, қосымша білім беру бойынша мектептен тыс ұйымдар, компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтарының, фудкорттардың, банкет залдарының, спорт кешендерінің қызметі тоқтатылады.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда, туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынады. СПА орталықтары, монша және сауналардың жұмысы тоқтатылады.

Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылады. Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі тоқтайды. Білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту жүргізеді.

Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылады.

Сұлулық салондары мен шаштараз қызметіне тыйым салынады. Діни объектілердің жұмысы тоқтатылады. 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуы шектеліп, 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне болмайды. 3 адамға дейін көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, субұрқақтарда, жағалауларда, скверлерде халықтың жүруі шектеледі.

Қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады.

Сондай-ақ, жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20 адамға дейін (отбасы мүшелерінің) жиналуға рұқсат етіледі.

Облыс аумағында бетперде кию тәртібі сақталады.

Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, сенбі-жексенбі күндері сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік емес базарларының жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектелсе, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысын тоқтатады; с
Супермаркет, минимаркеттер, сондай-ақ үй жанындағы дүкендердің жұмыс режимі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі.
Құрылыс дүкендерінің, оптика, гүл дүкендерінің, зоомагазиндердің жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылады.
Техникалық қызмет көрсету станцияларының, авто жуу орындарының, дөңгелек жөндеу, автобөлшектер дүкендерінің, автосалондардың жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі.
Фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, сату дүңгіршіктерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмыстары тоқтатылады; 📌Қоғамдық көліктер сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін жүреді.
Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері 30 орынға дейін, ал ашық жазғы алаңдардың жұмысы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі.