Түркістанда полицейлер дәрі-дәрмек сатпақшы болған ер адамды қолға түсірді

143

Түркістан қаласында полицейлер дәрі-дәрмек сатпақшы болған ер адамды қолға түсірді. Тартіп сақшылары күн сайын карантин жағдайында жоғары бағамен дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды заңсыз сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша әлеуметтік желілер мен интернет-кеңістікке мониторинг жүргізіп, жұмыстарын атқаруда.

Мысалы,» Instagram»,» Ватцап» әлеуметтік желілерін мониторингілеу кезінде полицейлер Түркістан қаласының көшелерінің бірінде белгісіз ер адам қалада сұранысқа ие, оның айтуынша дәріханаларда табыла қоймайтын вирусқа қарсы «Леволет» және «Левомак» дәрі-дәрмектерін сатып алуды ұсынып отырған бейнежазбаны анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған бейнежазбадағы басты кейіпкердің жеке-басын анықтап, оны полицияға жеткізді.

Ер адамның айтуынша ол танысымен келісіп, екеуі «әзіл үшін» телефонға дәрі-дәрмек сатып отырғандай видео түсірген. Оның өзі дәрі-дәрмектерді сатумен айналыспайтынын айтып, жасаған әрекетіне өкініп, қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

Мақпал Рысбаева