Заңсыз қаруын тапсырғанға сыйақы беріледі

186

Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған шаралардың 2019-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарының 1.8-тармағын орындау мақсатында және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде.

Мемлекет азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға сыйақы белгілеп отыр. Заңсыз сақталған атыс қаруларын оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды, өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай аудандық полиция бөлімінің 102 телефонына хабарлауын сұрайды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысына қарасты Келес ауданы көлемінде өз еріктерімен тіркелмеген қаруларды полция бөліміне 10 азамат тапсырды.