Түркістан облысының эковолонтерлер тобы Түркістан және Кентау қалаларының маңында экологиялық десант өткізуде. Бұл жерлер жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін сүйікті демалыс орны болып табылады. Өкінішітісі демалушылардың экологиялық мәдениеті туралы айтуға әлі ерте.

Сондықтан табиғатта қоқыстар тау болып үйіліп қалады. Еріктілер демалыс күндері жиналып, демалыс әуесқойларынан кейін қалған қалдықтарды жинайды. Сонымен қатар бұл аймаққа келген адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Бұл іс-шарадан кейін адамдар қаншалықты тұжырым шығаратыны белгісіз, бірақ мұндай іс – шаралар қажет, – дейді ұйымдастырушы Түркістан облысының экоамбассадоры Асхат Шотаев. «Мұндай экологиялық сенбіліктер үнемі өткізілетін болады. Ал облыс тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырамын» – деп атап өтті табиғат қорғаушы.

Айта кетейік, экоеріктілердің қатарында мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, табиғат қорғаушылар және жұмыссыз жүргендер де бар.