«42 500 теңге». Көп сұраққа нақты жауап

100

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді тағайындауға қатысты азаматтар жиі қоятын сұрақтарға жауап дайындады.
1. Мүгедектер 42 500 теңге төлем ала ма?
Біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:
1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
2) жеке кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға.
Сонымен бірге, жалдамалы жұмысшы (жұмыс беруші өтініш береді), жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайын) болып табылатын мүгедектер, егер олар шектеулерге байланысты табыстарынан айрылса, біржолғы төлем алуға құқылы.
2. 42 500 теңге төлем тағайындауға өтінішті қайда беруге болады?
– egov.kz –веб-порталы;
– 42500.enbek.kz порталы;
– telegram-bot-тар;
– Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
– екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.
16 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.
18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.
Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап автоматты түрде өтінім беру болып табылады.
17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінімдер қабылданады.
Жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беретіндігін атап өту қажет. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданады.
3. 42 500 теңге төлеміне өтінімдер қай уақытқа дейін қабылданады?
2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізу салдарынан табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан біржолғы төлем тағайындау туралы өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.
4. Егер карантин ұзартылса, тамызда 42 500 теңге аламыз ба?
42,500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем осы жылдың шілде айына ғана төленеді.
5. Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруден бас тартса, не істеу керек?
Биылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісі жоғалған кезде МӘСҚ-тан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтінішті жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге жұмыс берушінің өзі ұсынады.
Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы.
6. 42 500 теңгеге өтінімді қарау қанша уақыт алады?
Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, өтінішті қарау және бірреттік әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
7. Өткенде де 42500 теңге алдым, SMS келгенімен, жауап қайтарылмай жатыр. Не істеу керек?
Төлемді проактивті тағайындау үшін келген SMS-хабарламаға 5 күнтізбелік күн ішінде жауап беру керек. Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін:
– сіздің теңгеріміңіз 1бірліктен аз;
– телефон баптауларында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған;
– баптауларда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және MMS-хабарламалар басымдыққа ие;
– байланыс сапасына байланысты;
– ұялы байланыс операторларындағы түйткілдер.
8. Банкте шотым жоқ, әйелімнің шотын көрсете отырып, 42 500 теңгеге өтініш бере аламын ба?
Өтініш берген кезде адам тек өзінің банктік шотын көрсетуге тиіс.
Біржолғы әлеуметтік төлем адамның ЖСН, аты-жөні және банктік шот нөмірі сәйкес келген жағдайда ғана банктік шотқа аударылады.
Біржолғы төлем жасау туралы өтініштер 2020 жылдың 17 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін қабылданады, сәйкесінше осы мерзім ішінде Сіз өзіңізге ыңғайлы банкке хабарласып, шот аша аласыз.
9. Жеке кәсіпкерлер 42 500 теңге біржолғы төлемін алу үшін қай күннен бастап табыссыз қалған болуы керек?
Биылдың 5 шілдесінен бастап (Қазақстанда шектеу шаралары енгізілген кезден) кірісін толығымен жоғалтқан жеке кәсіпкерлер шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтініш бере алады.
Табыс жоғалту фактісін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, аудандық (қалалық) штабтар растайды.

«Оңтүстік Рабат», №30, 23 шілде 2020 ж