Базар сатушылары санитарлық талапты сақтамай отыр

272

Шымкентте жауаптылар кезекті рейдті «Автонұр» базарынан бастады. Ә дегеннен карантин ережелерін жіті тексерген әкімдік өкілдері мен санитар дәрігерлер мұндағылардың маскасыз емін-еркін жүргеніне шүйлікті.

Алайда, базар әкімшілігінің бұл ескертпелерге айтар өз базыналары бар болып шықты. Сауда орнының жұмыс істеу уақыты шектеулі болғандықтан, келуішілер қатары тым көп дейді. Бәрін бірден бақылау мүмкін емес деп отыр.

«Сіз мына жерді соңғы рет қашан дизенфекция жасадыңыз? Біз күнде кешке жасаймыз. Қанша адам, құрал жабдығыңыз бар? Үш адам. Кешке уборкадан кейін бастайды. 3-4 сағат жұмыс жасайды»

«Алаш» базарындағы жағдай да мәз емес. Санитайзер саны жеткіліксіз, жеміс-жидек сататын павильонында сатушылардың орны тығыз орналасқан. Яғни, адамдар арасындағы ара қашықтық мүлдем жоқ.

Сонымен қатар, күндізгі сағат 13:00 де есігі тарыс жабылуы тиіс сауда орнының жұмысы белгіленген уақыттан кейін де қызып тұр. Базар маңындағы қоқыс жинайтын орындары да тазалықтан жұрдай дейді тексерушілер. Ал, шектеу шараларына пысқыра қараған базар әкімшілігі айтылған ескертпелерді жуық арада шешеміз деп уәде еткендей болды.

Абдуғаппур Шажаев, Абай ауданы бойынша СЭС басшысы: «Азық-түлікке қатысы жоқ базарлардың жұмыс істеуіне байланысты жабу шараларын көруге бар құжаттар дайындалады».

Абай ауданы әкімдігінің өкілдері екі базарға да алдағы уақытта тағы да тексеру жұмыстарын жүргіземіз дейді. Келесі жолы айтылған мәсеелер мән-жайы майшаммен қараймыз деп бекініп отыр.

Ғалымжан Кенжебек