Covid—19: Шымкентте бірде бір науқас тіркелмеді

119

Коронавирусқа байланысты жағдай республика бойынша Шымкентте жақсарды.

Өткен тәулікте инфекция жұқтырған бір де бір науқас тіркелмеді. Жалпы республика бойынша кеше 168 жаңа жағдай анықталған. Сондай-ақ эпиджағдай Жамбыл облысында да тәуір. Бір тәулікте коронавирус жұқтырған екі адам ғана анықталған.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 105 243-ке жеткен. Оның ішінде, аурудан айыққандар – 94 713 адам.

Мақпал Рысбаева