17 тамыздан бастап елімізде сауда орталықтары мен әсемдік салондары жұмыс бастайды. Осылай деген еліміздің бас санитар дәрігері кезең-кезеңімен жеңілдейтін карантин талаптарымен таныстырды.
Дүйсенбіден бастап Қазақстан халықаралық әуе рейстерін ашуға қамданып отыр. Және коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып кімдердің қабылдайтыны анықталды.
Күшейтілген карантин талаптары ақыры дүйсенбіден бастап жеңілдейтін болды. 17-тамыз күні Қазақстанда сауда орталықтары, жабық базарлар, әсемдік салондары мен массаж орталықтары ашылады. Қала берді балабақшалар, ашық атракциондар мен фитнес залдарға да жұмыс бастауға рұқсат берілді. Бірақ, жеңілдетілген тәртіптің демалыс күнге еш қатысы жоқ.
Эльдар Жұмағазиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары: «Министр Алексей Цой демалыс күндері карантин шаралары әлі екі аптаға созылатынын айтты. Бизнес кірісі көбінесе демалыс күндері болады. Соған қарамастан біз бұған саналы түрде барып, келісіп отырмыз. Біз бизнестің қаншалықты жауапкершілік танытатынын байқағымыз келеді. Екі аптадан кейін, егер жағдай жақсы болса, біз демалыс күндергі шектеуді жоюды сұраймыз. Бұл — біртіндеп жүзеге асырылатын процесс».
Сондай-ақ, бас санитар дәрігер отбасылық жиын, еске алу және мерекелік шара өткізудің де әлі ерте екенін жеткізді. Және түнгі клуб, ойынхана, караоке, кинотеатр мен дін орталықтарында да режимінің баяғыдай сақталатынын айтады. Ал, оларға 42 200 теңгенің берілуі сұрақ күйінде қалды.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері: «Жұмыстарын бастауға рұқсат берілмеген қызмет түрлері де бар. Оларға қатысты ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Мысалы, сапаржайда 74 адам жұмыссыз отыруға мәжбүр. Бұл, бюджет мүмкіндігіне қатысты сұрақ деуге болады. Пандемия кезінде біз өтемақы төлеу туралы бастама көтердік. Бірінші айда өтемақы төленді, одан кейін карантин уақыты тағы созылды. Енді, осы мәселеге қатысты Экономика министрлігімен бірігіп ұсыныс әзірлейміз».
Және еліміз халықаралық әуе рейстерін жандардырмақ. Кезең-кезеңімен Біріккен Араб Әмірлігі, Беларусь, Германия, Мысыр, Недерланды, Украина және Ресей елдеріне жол ашылмақ. Бірақ, ол жақтан барлық жолаушы өткізіле бермейді.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері: «Эпидемиологиялық жағдайы біздің елмен деңгейі ұқсас болса, онда оларда ПТР-тестілеудің нәтижесі теріс деген анықтама болуы керек. Анықтаманың алынғанына 5 күннен аспауы керек. Егер анықтама болмаса, бұл тұлғаның деректері мобильді қосымшаға жазылады және ол екі тәулік ішінде ПТР-тест тапсыруға немесе 14 күн бойы үйдегі карантинде қалуға қолхат береді».
Айта кетейік, қазір көрші Ресей елі коронавирусқа вакцина сынамасын жасауды бастады. Бүгінгі таңда ол елде 120 вакцина 17 ресейлікке салынған. Енді екпе құралдарын қазақстандықтар сатып алмақ.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері: «Бүгінгі күні біз осы екпені салуға жататын топтармен жұмыс істеудеміз. Қазір қауіпті топтар бойынша жоспарларымыз бар, олар үшін коронавирус ауруы өте қауіпті: 60-65 жастан асқан адамдарда белгілі бір созылмалы аурулары бар екені белгілі. Бұл — медицина қызметкерлері, өйткені олар бірніші болып науқастарды жаппай қабылдайды, сондықтан вирус жұқтырып алу қаупі жоғарыда оларда».
Сондай-ақ, еліміздің бас санитар дәрігері таратылып жатыр деген ауа жөнінде де айтты. Айжан Есмағамбетованың айтуынша бұл жалған ақпарат.
Назерке Үкібасова