Автокөлік алуға «Сәтті жұлдыз» көмектеседі. Қазақстанда «Сәтті жұлдыз» ресми лотереясы жылдан жылға танылып келеді. Оның көмегімен ел азаматтары ақшалай сыйлықтар ғана емес, темір тұлпарға да ие болуда. Мәселен, өткен аптада Шымкент тұрғыны жап-жаңа көлік ұтып алды. Компания өкілдері мұны оңтүстік жұртының таза пейілімен байланыстырады.

Шымкенттік Ырысқұл Кәрімқұлов бұл жердің тұрақты тұтынушысы. Ол біраз жылдан бері аптасына екі рет лотерея сатып алуды әдетке айналдырған. Және оның бұл әдеті бекер емес. Осы уақытқа дейін азамат қаржылай сыйлықтарға ие болыпты. Ал, жеңістің төресі өткен аптада орын алған. Кезекті ұтыс билетін алған ол автокөлік ұтқанына мәре-сәре.

Ырысқұл Кәрімқұлов, «Сәтті Жұлдыз» лотереясының жеңімпазы: «Мен бұған дейін 3-4 рет ақшалай ұтыстарға ие болғам. Ал, көптен күткен көлікке өткен аптада қол жеткіздім. Менің жеңісімде ешқандай да құпия жоқ. Тек сәттілікке сенем. Бар арманым 535 нөмірлі көлік алу еді. Міне көптен күткен арманым орындалды».

Лотереяға сұраныс Қазақстанда жылдан жылға артып келеді. Ал, жолы болғыштар көшін шымкенттіктер бастап тұр. Жерлестеріміз үшін ақшалай сыйлықтар мен автокөліктер ұту жаңалық емес. Олардың арасында 11 млн. теңгеге дейін олжалы болғандары да бар.

Өз бағыңды сынап көру соншалықты қиын емес. Ол үшін бар болғаны лотерея билетін сатып алып, сайтқа тіркелу жеткілікті. Және сәттілікке сену керек.

Айта кетейік, Шымкент бойынша ойын билеттерін сататын 20 бұрыш бар. Одан бөлек, билетті szhuldyz.kz сайтынан алуға болады. Қала берді, «Қазпошта», «Магнум» «Қазына», «Гипер Хаус», «Мият», «Юг сити», «Рахима Плаза» сынды сауда үйлерінде де сауданалады. Ал, автокөлік ұтысы аптасына бір рет ойнатылады. Ендігі ұтыс 22 тамызда.

Назерке Үкібасова