Мемлекет басшысы Түркістанда

105

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы берік Уәли өзінің фейсбутегі парақшасында хабарлады. Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездеседі. Бұдан кейін Арыс қаласына барады. Жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, жаңадан салынған және жөнделген үйлерді көреді. Президент жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын бақылайды. «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды.
Мақпал РЫСБАЕВА