Пандемияның екінші толқынында балалар ауруы мүмкін бе? Шымкет қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы бүгін осы сауалға жауап берді. Айтуынша, осыған дейін КОВИД пен пневмония жұқтырған балалар аурудан тез айыққан. Қауіпті инфекцияны жұқтырған бүлдіршіндердің арасында өлім-жітім де тіркелмеген.

Темірхан ВАРЗИЛОВ, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Балалар КОВИД-ке көп шалдыққан жоқ. Қазір бізде интервирусты инфекция жүріп жатыр, мұны коронавируспен шатастыруға болмайды. Бұл маусымдық инфекция. Алдыңғы пандемияда балалар көп іліккен жоқ. Сондықтан да келесіде кішкентайлардың көптеп ауруы мүмкін дегенге сенудің қажеті жоқ. Дегенмен, тиісті санитарлық талаптарды сақтау қажет».

Айта кетейік, үшінші мегаполисте эпидемиологиялық ақуал жақсарып келеді. Бүгінде қаладағы провизорлық стационарларда төсек-орындар 80 пайызы босаған. Мамандар жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда дейді. Медициналық мекемелер тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған.

Мақпал РЫСБАЕВА