Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді. Тиісті өкімге Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4 – тармағының 2 -тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-сұлтан қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы күні Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдайды. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады.

Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбутегі парақшасында.

Мақпал Рысбаева